🔰 Ақтөбеде арнайы экономикалық аймақты дамытудың Жол картасы әзірленеді

🔰 Ақтөбеде арнайы экономикалық аймақты дамытудың Жол картасы әзірленеді

🔰 Ақтөбеде арнайы экономикалық аймақты дамытудың Жол картасы әзірленеді

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері қаралды.

💬 Кездесу барысында инвестиция тарту шаралары, Үкімет қаулысымен құрылған арнайы экономикалық аймақты іске қосу жөніндегі жұмыстар, қажетті инфрақұрылымды дайындау мәселелері және инвесторлармен өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды.

Отырысқа ZOOM платформасы арқылы қосылған «Ақтөбе» АЭА басқарушы компаниясының серіктес ұйымдарының өкілдері қатысты.

🔹 Асхат Шахаров Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрдің өңірлерге инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырғанын атап өтіп, осы жағдайларда АЭА-ның тиімді іске қосылуы облыс үшін стратегиялық міндет болып саналатынын алға тартты.