Мұғалжар ауданының тағы екі ауылы газбен қамтылды

Мұғалжар ауданының тағы екі ауылы газбен қамтылды

Мұғалжар ауданының тағы екі ауылы газбен қамтылды

🇰🇿 25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында Мұғалжар ауданының Ащысай ауылдық округіне қарасты Ащысай мен Сабындыкөл ауылдарына көгілдір отын берілді.

✅ Өңірде Мемлекет басшысының халықты газбен қамту туралы тапсырмасы жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Биыл Ақтөбе облысында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тіркелді – бір жыл ішінде 28 ауылға табиғи газ жеткізіледі деп жоспарланған.

🏘️ Мұғалжар ауданының Ащысай ауылдық округіне қарасты Ащысай мен Сабындыкөл ауылдарының тұрғындары көптен бері бұл күнді асыға күткен еді. Қыстай отын тасып, көмірге тәуелді болған ауыл халқы үшін газдың келуі – үлкен қуаныш әрі тұрмыс сапасын арттыратын маңызды оқиға.

Жаңа инфрақұрылымның іске қосылуының арқасында енді Ащысай ауылындағы 71 үй, 334 тұрғын және Сабындыкөл ауылындағы 23 үй, 108 тұрғын, әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша, медициналық пункт – көгілдір отынмен қамтылады.

📈 Осылайша, ауданның газбен қамту үлесі - 97,7%-ке жетті.

🏗️ Жобаның тапсырыс берушісі — Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, ал мердігер мекеме «Алихан ойл 3» ЖШС жалпы ұзындығы 39,5 шақырымды құрайтын газ желісін тарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізді.

Екі ауылда көгілдір отынға қосылу салтанатты шарасы өтіп, оған Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, «QazaqGasAimaq» АҚ АӨФ Мұғалжар ауданының газ шаруашылығының өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Олар ауылға газ келуі – елді мекендердің дамуына, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі екенін сөз етті.