Әйтеке би ауданында екі ауылға көгілдір отын берілді

Әйтеке би ауданында екі ауылға көгілдір отын берілді

🔰 Әйтеке би ауданында екі ауылға көгілдір отын берілді

⚜️ Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Әйке және Тереңсай ауылдарына табиғи газ жеткізілді. Енді екі елді мекеннің тұрғындары алғаш рет көгілдір отынның игілігін көрмек.

Әйке ауылында 1104 тұрғын, ал Тереңсай ауылында 798 тұрғын тұрады. Бұған дейін бұл ауылдар орталықтандырылған сумен қамтылған болса, енді газ да қолжетімді болып отыр.

Айта кетейік, жобаның тапсырыс берушісі — Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, ал мердігер мекеме «Ерзат» өндірістік кооперативі орындады. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 27,9 шақырым.

Газ беру рәсіміне Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Серік Дәулетов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Жыл соңына дейін Қияқты және Ұлғайсын ауылдары да газбен қамтылады. Осылайша, Әйтеке би ауданында көгілдір отынға қосылған елдімекен саны 18-ге (66,7%) жетіп, 18 мыңнан астам тұрғын немесе аудан халқының 86,6%-ы көгілдір отынды пайдалана алады.

Бұл жобалар ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.