
⚜️Әкімдікте су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды
💧Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы талқыланды.
📍Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қахарман Оразалиннің айтуынша, 2025 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы бойынша 105 тармақтан тұратын инженерлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда жоспарланған жұмыстардың 45%-ы орындалған. Жоспарды іске асыруға 6,5 млрд теңге қарастырылған.
📌Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 3 шақырым өзен жағалауы нығайтылып, арнасы тазартылды, 2,3 шақырым қорғаныс бөгеті салынды, 9,6 шақырым гидротехникалық құрылыс жөнделді, 8,8 шақырым нөсер кәрізі тартылды, 6,4 шақырым су бұру арналары салынды, 26 шақырым арық пен каналдар тазартылды, 89 су өткізу нысаны орнатылып, жөнделді.