🎉Мәртөк ауданындағы үш ауылға газ берілді
📍Мәртөк ауданындағы Бөрте, Қызылжар және Шевченко ауылдарының тұрғындары тарихта алғаш рет қысқы маусымда үйлерін табиғи газбен жылытып, пайдалануға мүмкіндік алды.
Үш елді мекенді газбен қамтуға арналған 1,4 млрд теңгелік ірі жобаны «Ерзат» өндірістік кооперативі жүзеге асырды. Жоба аясында 74 шақырым газ құбыры тартылды.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі Арман Ахметов ауыл тұрғындарының бұл оқиғаны асыға күткенін тілге тиек етті.
«Бөрте, Шевченко және Қызылжар ауылдарында шамамен 75% үй газға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып қойды, қазір құжат рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл – ауылдықтарға жаңа өмір басталғандай сәт»,
– деді ол.
Округ құрамындағы үш ауылда барлығы мыңға жуық адам тұрады. Бөрте ауылында – 115 үй, 358 тұрғын, Қызылжарда – 110 үй, 383 тұрғын, Шевченкода – 52 үй, 187 тұрғын бар. Бөрте – ауданның ең шеткі, шекара маңындағы елді мекені.
📌Газ келген соң, тұрғындар өмірдің әлдеқайда жайлы әрі қолайлы боларына сенімді.
72 жастағы Ақборық Есмағамбетова Бөртеде дүниеге келген, сегіз бала тәрбиелеп өсірген. 15 немере, 4 шөбере сүйіп отырған әже бұл күнді көргеніне қуанышты.
«Бұрын үйді отын-көмірмен жақты, тіпті тезек қолдандық. Үйдің іші күл мен қоқыстан тазармайтын. Енді газ келді, бәрі жеңіл болады, тұрмысымыз да жеңілдейді. Бұл біз үшін үлкен қуаныш»,
– деді ол.
🔼2014 жылы отбасымен Қызылжарға қоныстанған Серік Ермеков те қуанышын жасыра алмады.
«Бүгін біз үшін ерекше күн – ауылға газ келді. Бұрын көмір сатып алып, отын дайындау қиын еді. Енді өміріміз жеңілдейді. Мүмкін, ауылға жаңа тұрғындар да келе бастар»,
– деді ол.
✔️Қызылжар тұрғыны Александр Факеев ауылдың жаңарып келе жатқанына риза екенін жеткізді.
«Су құбыры тартылды, жол жөнделді, енді көгілдір отын да келді. Бұл – ауыл үшін үлкен игілік. Облыс басшылығы, газ қызметінің мамандары және еңбегі сіңген барша жанға алғыс айтамын»,

Шевченко ауылына 36 жыл бұрын келін болып түскен Дания Айтжанова үйінің ішкі ахуалы мүлде өзгергенін айтады.
💭
«Енді пеш жақпаймыз, үй әрқашан жылы әрі жайлы болады. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Ауылға адамдар қайта оралады деп сенемін»,
– деді ол.
🔹Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, ауданда газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Биылдың өзінде 16 елді мекенге газ берілген, жыл соңына дейін тағы 12 ауыл қосылады.
Қазір Мәртөк ауданының 32 елді мекенінің 17-сі (25 712 тұрғын) газға қосылған. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 23 ауылға жетіп, қамтылу деңгейі 94% болады.
Жоспарда – Хазірет, Ақмоласай, Байнассай, Аққайың ауылдарына газ жеткізу, сондай-ақ Полтавка мен Покровкада құрылыс жұмыстарын бастау. Дмитриевка мен Құрмансайға жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр. Қаржы бөлінсе, 2026–2027 жылдары да жұмыстар жалғасады.
🔺Осылайша, алдағы екі жылда аудан ауылдарының басым бөлігі газбен қамтылады. Бұл – ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір, шығынды азайту және жас отбасыларды елге тартудың маңызды қадамы.