1 қазанда облыстың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі

1 қазанда облыстың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі

🔰1 қазанда облыстың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі

«Ақтөбе ЖЭО»-да облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралған көшпелі кеңес өтті.

🔺Жиынға облыстық және қалалық коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қатысты. Аудандардың әкімдері онлайн-форматта қосылды.

Асхат Шахаров барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

💭
«Жылыту маусымы халықтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Әсіресе әлеуметтік нысандарда ақауларға жол бермеуге тиіспіз»,
– деді облыс әкімі.

Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, Ақтөбеде 2100 көпқабатты үй бар, оның ішінде 1556-сы «Aqtobe Su-Energy Group» АҚ-ның орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қалған 544 үй автономды жүйелер мен жеке құрылысшылардың қазандықтары арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.

🔺Қалада барлығы 130 қазандық жұмыс істейді, оның 27-сі - «Aqtobe Su-Energy Group»-тың теңгерімінде, ал қалғаны - басқарушы ұйымдардың меншігінде. Бүгінгі күні 97 қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізіліп, алтауы күрделі жөндеуден өтті. Қайта жаңғырту бағдарламасы аясында тағы 6 қазандыққа (көпқабатты үйлерде) күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жылыту маусымында бюджет ұйымдарына 20,7 мың тонна көмір және 1,2 мың тонна дизель отыны, ал халыққа 19 мың тонна көмір дайындау жоспарланған.

Ауылдардағы барлық қазандық жөндеуден өткізілді.

📌Атап өтейік, облыста 1 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Ал тұрғын үйлер жылумен 15 қазаннан бастап қамтамасыз етіледі.

💭
«Жылыту маусымына дайындыққа уақыт шектеулі, ауа райы күтпейді. Жауапты ұйымдар жеке жауапкершілік барын естен шығармауы тиіс. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда апаттарға жол берілмеуі керек»,
– деп атап өтті Асхат Шахаров.

Өңірдегі жылыту маусымы - қатаң бақылауда.