🔺Темір ауданы Шығырлы және Ащысай ауылдарында газ құбыры қосылды
Темір ауданының елдімекендерін газбен қамту көрсеткіші 97,1%.
🔸Темір ауданында Ақсай ауылдық округіне қарасты Ащысай және Шығырлы елдімекендеріне Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көгілдір отын беру жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Қазіргі таңда Шығырлы ауылында 87, Ащысайда 38 аула бар.
Мерекелік шараның ашылуына Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов және «QazaqGasAimaq» АҚ АӨФ-ның Темір ауданының газ шаруашылығының өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
📌Өз кезегінде еңбек ардагерлері, жергілікті тұрғындар көгілдір отынның келуіне атсалысқан азаматтарға, көптен бері өзекті болып келген мәселенің шешімін тапқанына ризашылықтарын білдіріп, ауыл үлкендері батасын берді.
Енді ауыл тұрғындары үшін өмір сүру сапасы жаңа деңгейге көтеріледі — үй жылы, тамақ тез әрі қауіпсіз дайындалады. Бұл — экологиялық таза әрі экономикалық жағынан тиімді шешім.
♻️Айта кетейік, жобаның тапсырыс берушісі — Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, ал мердігер мекеме «Казпромстройгрупп» ЖШС жалпы ұзындығы 39,466 шақырымды құрайтын газ желісін тарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Темір ауданында Шығырлы және Ащысай ауылдарын қосқанда 24 елдімекеннің 17-і (70,8%) газдандырылып, 34 767 адамды (97,1 %) қамтиды.