📌Сұлукөлге газ келді
🔸Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылы тұрғындарының талай жылғы арман-тілегі орындалып, елдімекендегі 68 аула түгелдей газбен қамтылды.
Бірнеше жылдан бері көпшілік тарапынан көтеріліп келген көгілдір отын мәселесі биыл шешімін тапты. Аталған жоба Президенттің тапсырмасына сәйкес, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру және елді мекендерді газдандыру жұмыстары аясында жүзеге асып отыр. «Gaz Mart» ЖШС 2025 жылдың мамыр айынан бастап, жерасты құбырларын, жалпы ұзындығы 9,919 шақырымды құрайтын газ желісін тарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Тапсырыс беруші – Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы.
🔹Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, ауданның мәслихат депутаттары сұлукөлдіктердің қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жеткізді. Ауыл ақсақалдары да ақ батасын беріп, ауылға газдың кіруіне атсалысқан барша азаматқа алғыстарын білдірді.
Сұлукөл ауылы аудан орталығынан 145 шақырым қашықтықта, іргетасы 1964 жылы қаланған. Қазіргі уақытта мұнда 248 адам тұрады.
✔️Әйтеке би ауданында Сұлукөлді қосқанда 27 елдімекеннің 14-і газдандырылып тұр. Жыл соңына дейін Әйке, Тереңсай, Қияқты, Ұлғайсын сияқты ауылдарға көгілдір отын тартылуы тиіс. Сәйкесінше, газбен қамтылу үлесі 87,5%-ке жетеді.