Шиқұдыққа газ келді

Шиқұдыққа газ келді

📌Шиқұдыққа газ келді
 
🔸Ел тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету  – Мемлекет басшысы үнемі баса назар аударып отырған бағыттардың бірі. Халық игілігіне айналатын бұл маңызды жоба Ақтөбе өңірінде жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Жыл соңына деген облыстың газбен қамтылу көрсеткіші 97%-ке жетеді деген жоспар бар.
 
Күні кеше Ойыл ауданының Шиқұдық ауылына газ тартылды. Мектеп, медициналық пункт, ауылдық клуб сияқты әлеуметтік нысандар салынған елдімекенде 26 түтін бар, 169 тұрғын тұрады.
 
🖇️Әлия Жайсаңбаева - Ойыл ауданы Шиқұдық ауылының тұрғыны. Ауылдағы медициналық пунктте медбике болып жұмыс істейді. Асүйдің иесі ретінде Әлия үшін газдың келуі – үлкен қуаныш. Бұрын көмір мен отын дайындауға көп уақыт кететін болса, енді тұрмыс әлдеқайда жеңілдеп, жұмысына да, отбасына да көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік туды.