Ағымдағы жылдың 10 шілде күні басқарма басшысының төрағалығымен Ақтөбе жылу электр орталығында 2025-2026 жылғы жылыту маусымына дайындығы мен коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларының орындалуы бойынша көшпелі жиын өтті.
Атылмыш жиналысқа Ақтөбе облысының атомдық энергетикалық бақылау комитеті басшысы мен “Ақтөбе ЖЭО” АҚ, “Aqtobe su-energy group” АҚ, “Энергосистема” ЖШС мекемелерінің өкілдері қатысты. Жиында жөндеу жұмыстарының жұмыс тәртібі мен инвестициялық бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуы талқыланды.