Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісі барысында жылыту маусымының қорытындысын шығарылып, келесі кезеңге дайындық шаралары талқыланды.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісі барысында жылыту маусымының қорытындысын шығарылып, келесі кезеңге дайындық шаралары талқыланды.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісі барысында жылыту маусымының қорытындысын шығарылып, келесі кезеңге дайындық шаралары талқыланды.
 
🔹Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев атап өткендей, коммуналдық қызметтер мен жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді және жүйелі жұмысының арқасында жылыту маусымы штаттық режимде, ірі технологиялық іркілістерсіз өтті.
 
📌Жалпы, жылыту маусымының сәтті өтуіне 10,4 млрд теңге бөлінді, бұл әсіресе тозған жылу желілерін ауыстыруға бағытталды. Осы қаражатқа Қандыағаштағы жылу трассасы қайта жаңартылды, бұл Мұғалжар ауданындағы желілердің тозуын 52-ден 46 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Қосымша инвестициялық бағдарлама шеңберінде «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Aqtobe su-energy group» АҚ, «Энергожүйе» ЖШС секілді коммуналдық кәсіпорындар жылу энергетикасы нысандарын жөндеуге 9,5 млрд теңге бөлді.
 
🔸Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер жаңа жылыту маусымына дайындықты бастады.
 
🗯️«Облыс әкімдігі энергетика министрлігіне жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайтын 8 жоба бойынша жылу желілерін қайта жаңартуға республикалық бюджеттен қаржыландыру алуға өтінім жолдады. Оның ішінде 3,3 млрд теңгеге жеті жобаны Ақтөбе қаласында және 1,1 млрд теңгеге Жем қаласында іске асыру көзделіп отыр.
 
Сондай-ақ дайындық аясында жоспарлы гидравликалық сынақтар жүргізілді, нәтижесінде 12 бұзылған учаске анықталды. Олқылықтар тез арада жойылды. Жылыту маусымы басталғанға дейін желілерге кешенді мониторинг және жөндеу, қазандықтардың техникалық жай-күйін тексеру, отын қорларын толықтыру және тіршілікті қамтамасыз етудің барлық нысандардың дайындығын қамтамасыз ету жүргізілетін болады», - деп хабарлады Арысұлан Айтбаев. 
 
🔹Басқарма басшысының есебін тыңдаған облыс әкімі келесі жылыту маусымына дайындықты жандандыруды тапсырды. Аймақ басшысы барлық жөндеу және алдын алу жұмыстары кесте бойынша, кідіріссіз жүргізілуі тиіс екенін еске салды.

Дайындық барысы және жылыту кезеңінің одан әрі тұрақты өтуі – жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.