Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері кеңейтілуде

Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері кеңейтілуде

Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері кеңейтілуде

Мемлекет басшысының жолдауы аясында Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған әкімшілік реформа жалғасуда.

Оны жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру жөніндегі Жол картасы қабылданды.

Оны іске асыруда бірінші кезеңде Үкімет функцияларын орталық мемлекеттік органдардың деңгейіне және орталық мемлекеттік органдардың функцияларын жергілікті атқарушы органдарға беру қамтамасыз етілді.

ОМО-дан ЖАО-ға берілген функциялар кәсіпкерлікті дамыту, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, жарнама, денсаулық сақтау жүйесі, жастар саясаты, ветеринария және азаматтық қорғау салаларын қамтиды.

Сонымен қатар, министрліктерден облыстық әкімдіктерге, облыстық әкімдіктерден аудандық әкімдіктерге беру үшін мемлекеттік органдардың функцияларын іріктеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру үшін талдау жүргізілуде.