Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджетті тиімді жоспарлау саясаты тақырыбында семинар жиыны өтті

Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджетті тиімді жоспарлау саясаты тақырыбында семинар жиыны өтті

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
Г.Сүйінтаева төрағалығымен
облыстық басқарма басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары және ауылдық округ әкімдерімен әлеуметтік-экономикалық даму және бюджетті тиімді жоспарлау саясаты тақырыбында семинар жиыны өтті.

Ең бірінші кезекте облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мен стратегиялық құжаттарын сапалы жүзеге асыру, ауылдарды дамыту саясаты, оларды өңірлік стандарттар жүйесіне жеткізу, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жұмысын жандандыру және бюджет қаражатын тиімді жоспарлау  мәселелері мен ұстанымдары талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді атқару, заман талабына сәйкес жаңа жобаларды ұсыну қажеттігі түсіндірілді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне инвестициялық ұсынысты дайындау, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді келісу, жобалардың қымбаттау кезіндегі бюджеттік процесстер, қоса қаржыландыру көлемдерін сақтау қажеттігі туралы  мәселелері айтылды.

Сонымен қатар, Ақтөбе қ. және аудандардың құзыретті өкілдеріне салық салу базасын кеңейту, салық бересін азайту, бюджеттің кіріс бөлігін тиімді жоспарлау бойынша сұрақтары қаралды.

Алға ауданы Есет батыр елді мекенінде аудандық әкімдіктер арасында тәжірибе алмасу мақсатында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылған нысандар таныстырылды.

Сонымен қатар, көгалдандыру – көптің ісі демекші, семинар қатысушылары «Ауыл – Ел бесігі» аясында салынған медициналық амбулатория ауласына тал көшеттерін отырғызу науқанына қатысты.

Бұдан басқа, Есет батыр ауылында 4 деңгейдегі бюджетті қалыптастыру мәселесі қаралып, жаңа ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.