Басқармада бизнес-процесс автоматтандырылды

Басқармада бизнес-процесс автоматтандырылды

Басқармада "Ашық бюджеттер" порталы мониторингін автоматтандыруға арналған компьютерлік бағдарлама әзірленді.

Мәселен, мемлекеттік органдар ашықтықты арттыру үшін порталда бюджеттік бағдарламаларды орналастырады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының міндеті ақпараттың толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету мақсатында осы деректерді мониторингілеу.

Алайда, порталға мыңдаған деректер жүктелгендіктен мониторинг бірнеше айға созылады.

Автоматтандыру жобалық және аналитикалық тапсырмаларға уақытты босатып, күнделікті монотонды жұмысты сапалы және жедел орындауға көмектеседі.

Бұл ретте, Басқарма қызметкері әзірлеген компьютерлік бағдарлама санаулы сағат ішінде мониторинг жүргізуге, кейбір деректердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, компьютерлік бағдарламада "Азаматтық бюджетті" мониторингілеу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл бағдарлама бюджеттен қаражат бөлінбестен әзірленгенін атап өту қажет.

Осылайша, Басқармада дебюрократизация, бизнес-процестерді автоматтандыру жүзеге асырылуда.

Нәтижесінде, азаматтар "Ашық бюджеттер" порталынан сапалы мәліметтер ала алады.