Тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру және оқшаулау мәселелері бойынша семинар өткізілді

Тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру және оқшаулау мәселелері бойынша семинар өткізілді

А.ж.13 сәуірінде Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында, экономика және бюджеттік жоспарлау басшысының орынбасары Н.С. Мақсатовтың төрағалығымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін «Тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру және оқшаулау мәселелері бойынша» семинар өткізілді. Семинарға мемлекеттік органдардың басшылары орынбасарларынан төмен емес деңгейдегі тұлғалар қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, климаттық өзгерістермен байланысты проблемаларды шешуге бағытталған тұрақты даму мақсаттарының мәнін түсіндіру болып табылады.

Семинар барысында интерактивті пікірталас, Ерікті ұлттық шолуға қосу үшін пікірлер мен кейстер жиналды. Экономикалық зерттеулер инстситутымен «Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру және оқшаулау мәселелері» және «Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша статистика» тақырыбындағы материалдары, сондай-ақ екінші ерікті Ұлттық шолу жобасы таныстырылды.