Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау басты талап

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау басты талап

Сейсенбі, 8 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің
төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиынға мемлекеттік органдар,
басқарма басшылары мен Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері бейнебайланыс
жүйесі арқылы қатысты.
Жиын барысында аймақ басшысы қазіргі уақытта облыс бойынша жағдайдың
тұрақты екенін, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі арттыруды атап өтті.
«Мемлекет басшысы бүгінгі жиында қоғам алдында тұрған өзекті
мәселелерді шешу тұрғысында алдымызға көптеген талаптар мен
міндеттерді қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,
облысымызда ауылшаруашылығын дамыту, бизнес пен кәсіпкерлерді қолдау,
тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешу жалғаса береді. Өңір
тұрғындарының ұсыныстары мен сұрақтарына тез арада жауап беру, оң
шешімін табуына көмектесу жергілікті органдардың басты міндеті. Әрбір
сала өзінің бағыты бойынша жұмыстарды арттырып, Үкімет тарапынан
түскен тапсырмаларға өз ұсыныстарын дайындап, белсенділік танытуы
қажет»,- деді Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі