Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық сұрақтары бойынша жиын өткізді

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық сұрақтары бойынша жиын өткізді

23 қараша күні Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы​ Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Жиынға Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, барлық басқармалардың басшылары​ қатысты.​

Жиын кезінде алдымен өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Облыс әкімі тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан санитарлық талап шараларының сақталуын​ жаппай қамтамасыз етуді жалғастырып, халыққа екпе салу қарқынын жандандыруды​ қажет екенін​ атап өтті.​

Бұдан бөлек, облыстың биылғы​ жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы, бюджеттің игерілуі мен Ақтөбе қаласы бойынша​ «Nur Otan» ​ партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасының жүзеге асырылуы​ қаралды.​

Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды​ мақсатты индикаторларының қорытындысы бойынша жетістіктерге байланысты​ бірқатар тапсырмалар берді.​

Оңдасын Оразалин:​ «Біздің міндетіміз —​ жыл қорытындысы бойынша​ Мемлекет басшысының, Үкіметтің халықтың әл-ауқатын жақсартуға​ бағытталған​ тапсырмаларын орындау үшін барлық резервтерді пайдалану»,- деп атап өтті.​

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі