"Екпе ал да, автокөлік ұтып ал!" акциясы бастау алды

"Екпе ал да, автокөлік ұтып ал!" акциясы бастау алды

«Екпе ал да, автокөлік ұтып ал!»
Ақтөбе облысында​ 25 маусымда осындай атаумен науқан басталады.​
Науқан екі кезеңмен өтеді: 25 маусымнан 10 тамызға​ дейін және 11 тамыздан​ 25 қыркүйекке дейін.
Оған 25 маусым мен 25 қыркүйек​ аралығында Ақтөбе облысының аумағында коронавирус індетіне қарсы​ кез келген​ екпенің бірінші компонентін алған тұлғалардың​ барлығы қатыса алады.​ Жеңімпаздар​ ​ "AQTOBE" телеарнасының тікелей эфирінде​ кездейсоқ тәртіпте​ анықталады.
Әр кезеңнің басты​ жүлдесі - 2021 жылы шыққан​ Chevrolet Cobalt маркалы автокөлік.
Сондай-ақ,​ смартфондар, планшеттер, спорттық велосипедтер, робот шаңсорғыштар мен​ смарт сағаттар сияқты​ аралық​ жүлделер де​ ойнатылатын болады. Науқан демеушілердің қаражатына өткізілуде.​
Науқанның толық ережелері төменде.

Ақтөбе облысында «Екпе ал да Автокөлік ұтып ал» ынталандыру шарасын өткізу ЕРЕЖЕСІ  

Осы «Екпе алғанға Автокөлік беріледі» ынталандыру шарасы (әрі қарай-Науқан)  халықты «COVID-19» коронавирус инфекциясының  жаңа түріне қарсы егілуге ынталандыру мақсатында өткізіліп жатыр.

Науқанда лотерея жоқ, қауіп жоқ және осы шарттарға (бұдан әрі - «Ережелер») сәйкес өткізіледі

  1. Науқанның атауы: «Екпе ал да Автокөлік ұтып ал»
  2. Науқанның мерзімі мен Сыйлық қоры:

Науқанның жалпы ұзақтығы:  2021 жылдың 25 маусымынан 25 қыркүйекке дейін.

  • 1. I – кезең. 2021 жылдың 25 маусымынан 10 тамызға дейін.
    Жеңімпазды анықтау күні: 2021 жылдың 15 тамызы

Сыйлық қоры: 2021 жылы шыққан Chevrolet Cobalt маркалы автокөлік, 3 смартфон, 3 спорттық велосипед, 3 робот-шаңсорғыш.

Аралық науқандар 2021 жылдың 4, 11, 18 шілде күндері өтеді. Әрбір аралық науқанның жүлде қоры: 3 смартфон, 3 планшет, 3 спорттық велосипед, 3 робот шаңсорғыш.

II кезең. 2021 жылғы 11 тамыздан 25 қыркүйекті қоса алғанда. Жеңімпазды анықтау күні: 26 қыркүйек 2021 ж.

Жүлде қоры: 2021 жылы шығарылған Chevrolet Cobalt маркалы автокөлік, 3 смартфон, 3 планшет, 3 спорттық велосипед, 3 смарт сағат.

Аралық науқандар 2021 жылдың 22, 29 тамыз және 12 қыркүйек күндері өтеді. Әрбір аралық науқанның жүлде қоры: 3 смартфон, 3  планшет, 3 спорттық велосипед, 3 смарт-сағат.

 Науқанды ұйымдастырушы туралы мәліметтер:

Науқанды ұйымдастырушының атауы: "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ.

Заңды мекенжайы: 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.

Науқанды ұйымдастырушының қызметіне: науқанды ұйымдастыру; науқанның өтуін жалпы бақылау; науқанның жүлде қорын тапсыру кіреді.

Науқанға қатысқысы келетін тұлғаларға қойылатын талаптар:

 Науқанға 2021 жылғы 25 маусым мен 2021 жылғы 25 қыркүйекті қоса алғанда Ақтөбе облысының аумағында орналасқан екпе салу пункттерінде жаңа коронавирус инфекциясына (COVID-19) қарсы 4 вакцинаның бірінің ("Спутник V", "Hayat-Vax", "QazVac", "CoronaVac") бірінші компонентімен вакцинация рәсімінен өткен, тіркелген жеріне қарамастан, 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

  1. Науқанға қатысқысы келетін тұлғалар жоғарыда көрсетілген талаптарға сай болмаса Науқанға қатысуға және Сыйлық алуға құқығы жоқ.
  2. Науқанға қатысушыларды Науқан шарттарымен ақпараттандыру тәртібі:
    • 1. Науқанға қатысушыларды науқанның мерзімі, тәртібі және оны өткізу шарттары туралы ақпараттандыру тиісті ақпаратты aktobe.gov.kz (әрі қарай - Сайт) интернет желісіне, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жариялау арқылы, соынмен қатар, Науқан ұйымдастырушыларының таңдауы бойынша басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
  • 2. Науқанға қатысу тәртібі:
  • 3. Осы Ережелердің 4.1 тармағында көрсетілген тұлғалар автоматты түрде Науқанға қатысушы болып табылады.
  • 4. Науқанға қатысу дерегі осы Ережелермен келісуді, Сайттың Пайдаланушы келісімімен келісуді, сонымен қатар, жеке мәліметтерді өңдеуге келісуді білдіреді.
  • 5. Науқанға қатысушылардың барлығына жеңімпазды анықтайтын бірегей код беріледі.
  • 6. Науқанға қатысудан бас тартқан жағдайда жаңа коронавирус инфекциясына (COVID-19) қарсы екпе алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Науқан ұйымдастырушысына Науқанға қатысудан бас тартатындығы жөнінде жазбаша өтініш жіберу керек.
  1. Науқанға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:
    • 1. Науқанға қатысушылар науқанға қатысуға және сыйлықтарды Науқан шарттарымен бекітілген мерзімде алуға байланысты барлық әрекеттерді орындауға міндетті.
    • 2. Қатысушыны Науқан жеңімпазы деп таныған жағдайда сол Қатысушы Ұйымдастырушы өкілдеріне Сыйлықты алу үшін өзінің жеке мәліметтері мен басқа да міндетті мәліметтерін айтып, барлық қажетті құжаттарға қол қоюы керек. Осы тармақта көрестілген шарттар орындалмаған жағдайда Қатысушы сыйлық алудан сөзсіз бас тартуына тура келеді. Сол жағдайда Қатысушы көрсетілген сыйлықты алу құқығынан айрылады.
    • 3. Ұйымдастырушы Науқанға қатысушылардың барлығының Науқан шарттарына сәйкестігін және тиісті растайтын құжаттарды сұрату құқығымен науқан шарттарының орындалуын тексеру мақсатында тексереді.
  2. Сыйлық қорының ұтысты өткізу тәртібі:
    • 1. Жеңімпазды Науқан ұйымдастырушысы барлық Қатысушылар арасында жеребе ұйымдасытру арқылы анықтайды.

Жеребе «AQTOBE» телеарнасының тікелей эфирі мен әлеуметтік желілерде көрсетіледі.

  • 2. Барлығы 8 ұтыс өткізіліп, 96 Сыйлық пен 2 автокөлік ойнатылады.
  • 3. Сыйлық жеңімпазын анықтау автоматтандырылған заттарды пайдалану арқылы өтуі мүмкін.
  • 4. Науқан ұйымдастырушысы осындай ұтыс басталғанға дейін Сыйлық қоры ұтысының нәтижесін алдын ала анықтайтын рәсімдер мен/немесе алгоритмдерді пайданбайды.
  • 5. Ұтыс нәтижесін ұтыс өткен күннен бастап 7 күн ішінде aktobe.gov.kz сайты мен әлеуметтік желілерде білуге болады.
  1. Сыйлықтарды алу тәртібі, мерзімі және орны:
    • 1. Науқан жеңімпазының ұтыстар туралы жаңа коронавирустық инфекцияға (COVID-19) қарсы екпе салу кезінде көрсеткен телефон нөміріне ұтқандығы жөнінде хабарлама жіберіледі.
    • 2. Науқан ұйымдастырушысы тиісті ұтыс өткізілген күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде Сыйлық иегеріне Сыйлықты алу үшін қажет мәліметтер тізімін хабарлау үшін жаңа коронавирустық инфекцияға (COVID-19) қарсы екпе салу кезінде көрсеткен телефонына хабарласуға құқылы.
    • 3. Науқан ұйымдастырушысы Жеңімпазға Сыйлықты беру тәсілін өзгертуге құқылы.
  2. Қосымша шарттар:
    • 1. Осы Шартта көрсетілмегендердің барлығын Ұйымдастырушы мен Науқанға қатысушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
    • 2. Ұйымдастырушы Науқан шарттарына өзгертулер енгізуге, сондай-ақ Науқанның бүкіл кезеңінде Науқанды аяқтау туралы шешім қабылдауға құқылы.

Осы Ережелердегі барлық өзгерістер мен науқанның аяқталғандығы туралы ақпарат сайтта жарияланады немесе жарияланған сәттен бастап жарамды болып табылады.