Жергілікті бюджеттердің ашықтық деңгейін арттыру мақсатында

Жергілікті бюджеттердің ашықтық деңгейін арттыру мақсатында

Жергілікті бюджеттердің ашықтық деңгейін арттыру мақсатында 2021 жылғы 26 мамырда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы ZOOM платформасы арқылы ашық бюджетке қатысты онлайн бейне-конференция өткізді, оған Ақтөбе қаласы және аудан әкімдерінің орынбасарлары, Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты (барлығы 10 адам).

«Ашық бюджеттер» порталы – бюджеттің айқын қалыптастырылуын қамтамасыз ету және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылауды дамыту үшін құрылған, порталда бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және олардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылау жүргізіледі.

Түсіндірмелерді, ескертулер мен ұсыныстарды бюджетті жұмсау мәселелеріне мүдделі Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қалдыра алады.

Осы процесті іске асырудың қорытындысы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, бюджет процесіне қатысу және бюджеттік жоспарлау мен қараудың ерте сатыларында жұртшылықты тарту болып табылады, бұл неғұрлым тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуға, жергілікті бюджетті қалыптастырудың ашықтығын арттыруға, мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын құруға мүмкіндік береді.

Гүлқасима Рамазанқызы бюджеттік есептілікті, атап айтқанда азаматтық бюджетті, бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті, ақпараттық хабарламаларды, жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған баспасөз релиздерін қандай мерзімде, қандай форматта, қандай ақпаратты қамтуы тиіс, кім жасауы тиіс және қандай интернет-ресурстарда орналастырылуы қажеттігін еске салды.