Басқарма басшысы жиналыс өткізді

Басқарма басшысы жиналыс өткізді

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Рамазанқызы Сүйінтаеваның төрағалығымен бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру ережелерін қарау және әлеуметтік нысандар үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді жоспарлауға қатысты жиын өтті.

Жиын барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру барысында оның сапалылығы мен негізділігіне аса мән беру қажет екендігі айтылды.

Сондай-ақ, салалық органдармен бірлесіп, шығыстарды оңтайландыру арқылы жобалардың жалпы құнын төмендету, ЖСҚ әзірлеуде оның экономикалық мақсаттылығын, сапалылығын, бюджеттік өтінімді әзірлеу кезінде тиісті сараптамалардың қорытындыларының болуы, жобаны іске асыру арқылы мемлекеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізудің маңыздылығы сөз етілді.