Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, басқарма басшылары, видеобайланыс арқылы аудан әкімдері қатысты. Мәжілісте өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
«2020 жылдың аяқталуына санаулы айлар қалды. Осыған орай, биыл жүзеге асырылуы тиіс жұмыстарды атқаруда кедергі мәселелерді анықтап, шешілу жолдарын қарастыру қажет. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етілуі тиіс», - деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға тоқталған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов 13 қазанға дейін ресми жағдайда бірде-бір КВИ ауруының тіркелмегендігін жеткізді. Бүгінгі күнге дейін 3204 науқас сауығып шыққан. Қажеттілік туындаған жағдайда төсек-орын саны 315-тен 3603-ке дейін ұлғайтылмақ. 6 қазаннан бастап А.Досжанова жатақханасы, Жайсаң көп салалы колледжі, Қарғалы ауданының Әлімбет мектеп-интернатынан 440 орындық, яғни 3 стационар іске қосылды. Мұнда шетелден келген азаматтарды тексеруден өткізуде. Облыстағы 1547 төсек-орынның 1438-і, яғни 93% оттегімен қамтылған. Емдеу мекемелерінде 1 айға жеткілікті дәрі-дәрмекпен, жеке қорғану құралдарымен қамтылған. Өңірде 85 264 адам тұмауға қарсы иммундау екпесін алып, жоспардың 96% орындалған. Екпе алу жұмыстары үлкен ұжымдарда ақылы негізде жүргізілуде. Мониторингтік топ санитарлық талапты бұзған 909 жағдайды анықтаған. Әкімшілік жауапкершілікке 633 тұлға тартылып, 79 млн.тг. астам айыппұл салынды. Облыс әкімі ережелердің сақталуын қадағалауды, мониторингтік топтардың жұмыстарын одан әрі күшейтуді тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын баяндады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды. Облыста 11942 жұмыс орнын құру, (оның 11567 уақытша, 375 тұрақты) жұмыспен қамту орталығы арқылы 50% кем емес азаматтарды қамтамасыз ету жоспары құрылған. Қазіргі таңда 10327 жұмыс орны құрылып, яғни жоспардың 89% орындалған. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқан 5540 азаматтың 2308-і жастар, 82 адам мүгедек, 260-ы аз қамтылғандар болып отыр. Олардың жалақылары 87 315 тенгені құрады. Аталған бағдарлама бойынша 303 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 46,3 млрд. тг бөлінді. 302 жобаны іске асырушылар анықталып, жұмыстар жасалуда.
Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Иран Шархан 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. 2020 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 410,4 млрд. тг құрады. Сонымен қатар, басқарма басшылығы инвестиция көздерін тартуда арнайы жұмыс тобын құрған. Олар ҚР Елшіліктерінің экономикалық блогымен және «Kazakh Invest» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істей бастады.
Аппарат отырысын қорытындылаған облыс әкімі Оңдасын Оразалин әр салаға қатысты жекешілік ететін орынбасарларына қала, аудан әкімдеріне және басқарма басшыларына мемлекеттен бөлінген қаражатты тиімді жұмсай отырып, жұмыс орындарының санын арттыруды, инвестициялық жобалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі