
Өңірді дамыту мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат жиынында қаралды.
Стратегиялық құжат Үкіметтің тапсырмасына сәйкес әзірленуде. Оның маңызды ерекшелігі – әр аудан үшін жеке даму жоспарларын енгізу. Бұл аумақтардың ерекшеліктерін ескеруге және басымдықтарды нақты айқындауға мүмкіндік береді.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатовтың айтуынша, жаңа тәсіл алдағы бес жылдық кезеңге арналған өңірлік бюджетті қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Осыған байланысты аудан әкімдіктеріне талдамалық материалдарды сапалы дайындауға, аумақтардың қажеттіліктері мен әлеуетін бағалауға ерекше назар аудару тапсырылды.
Жеке жоспарлар инвестицияларды бөлуге, инфрақұрылымды дамытуға, салалық саясат пен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға негіз болады. Құжат мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігін арттырып, облыс аудандарының теңгерімді дамуын қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Жоспарды әзірлеу белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіліп жатыр және жақын айларда толық аяқталады.
Өңір басшысы аудан әкімдеріне жеке жоспарларды әзірлеуге мұқият қарауды, есептердің негізді болуын және алдағы жылдары қандай нәтижелерге қол жеткізілетіні жөнінде нақты түсініктің болуы туралы міндеттер қойды.