15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күнге орай, өңірдің қаржы және экономика саласына үлес қосқан үздік мамандарға құрмет көрсетілді.

Мереке қарсаңында қаржы және экономика саласының қызметкерлері Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық медальдарымен, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин мен Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Тәкиевтің атынан берілген алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, қызметкерлер облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров пен облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттарды облыстық мәслихат төрағасы мен облыс әкімінің орынбасары Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов табыстады.

Мереке қаржы саласының мамандарының кәсіби жетістіктерін айрықша атап өтуге, сондай-ақ облыстың экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестерін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.