Әлияның100жылдығы: Ақтөбелік сазгерлер Әлия Молдағұловаға ән арнады Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды

Әлияның100жылдығы: Ақтөбелік сазгерлер Әлия Молдағұловаға ән арнады  Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды

#Әлияның100жылдығы: Ақтөбелік сазгерлер Әлия Молдағұловаға ән арнады

Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Жазба мәтіні ⬇️

«Қобда-Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен» — деп басталатын Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған, Сейдолла Бәйтерековтың жүрек тербетер әуенімен көмкерілген әнін білмейтін тыңдарман кемде-кем.

🔹Батыр Әлияға арналған бұл туынды алғаш рет осыдан тура 50 жыл бұрын, 1975 жылы жарық көріп, ұлт жүрегінен орын алды. Ән бір ғана батыр қыздың емес, барша қазақ халқының намысын, қайсарлығын, ерлікке деген құрметін паш еткендей.

Иә, Әлия есімі - мәңгілік! Ол туралы ән де, өлең де, әңгіме де әлі жазыла бермек.

📌Күні кеше батыр Әлияға арналған ақын Орал-Қосай Бәйсеңгір мен сазгер Дулат Айтжановтың әні дүниеге келді. Рухты әнді AQTOBE телеарнасы бейнебаян ретінде көрермен назарына ұсынып отыр. Батырдың 100 жылдық мерейтойына керемет тарту болған туындының да өміршең боларына сенемін.
Қайсар қыз есімі жүрегімізде жатталып, рухы еліміздің ертеңіне шырақ болып жанып тұруы тиіс.

Ақтөбе өңірінде бүгін-ертең торқалы той өтеді. Облыс орталығында және Қобдада Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ғасыр тойына куә болуға шақырамын.
Әлияның рухын бірге асқақтатайық!
Мерейлі мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысайық!
Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен тұспа-тұс келген айтулы күн — тәуелсіз еліміз үшін үлкен тарихи белес.
Өздеріңізге мәлім, #Әлияның100 жылдығы республикалық шаралар тізіміне еніп, ауқымды іс-шаралар жыл басынан бері ұйымдастырылып, ерліктің шынайы бейнесі жас ұрпаққа дәріптеліп жатыр.

🔸Батыр қыздың бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан арнайы логотипті бекіттік. Ол Ақтөбеден шығатын барлық өнімде бейнеленді.

100 жылдық қарсаңында Бұлақ ауылындағы Әлия ауылдық клубы, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы мемориалдық музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Арнайы көрмелер, ғылыми конференциялар, театрландырылған қойылымдар, патриоттық форумдар — барлығы бір мақсатқа тоғысты: Әлия есімін ұлықтау, ерлікке тағзым ету!

🎉Мерейтой құтты болсын, ағайын!