«Көңілді старт» атты спорттық іс-шарасы өткізілді.

«Көңілді старт» атты спорттық іс-шарасы өткізілді.

А.ж 29 сәуір күні «СҰЛТАН» спорт кешенінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, облыстық дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Көңілді старт» атты спорттық іс-шарасы өткізілді.
Аталған шараларға ислам, кришна, «Надежда» евангелдік христиан баптисттері және этно мәдени бірлестіктің өкілдері қатысып белсенділік көрсетті.
Тұтастай алғанда сайыс көтеріңкі көңіл күй мен достық қарым-қатынаста өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды.