Діни бірлестік өкілдерімен сенбілік ұйымдастырылды

Діни бірлестік өкілдерімен сенбілік ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Осыған орай, а.ж. 21 сәуір күні қаламыздың «Батырлар аллеясы» аумағында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына жергілікті діни бірлестік өкілдері және дін істері басқармасының қызметкерлері қатысты.

Басқарма басшысы Ә.Тұралиев экологиялық акцияға атсалысып жатқан діни бірлестік мүшелеріне алғысын айтып, ортақ үйіміздің көркеюіне үлес қосқандарға ризашылығын білдірді.

Барша тұрғындарды экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

#Таза_қала_Сізден_басталады