II Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы

II Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 11 және 12 сынып мектеп бітірушілер арасында II Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.
Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасының басты мақсаты оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау арқылы дарынды оқушыларды қолдау.
Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы жалпы білім беретін пәндерден оқушылардың таңдауы бойынша пәндік олимпиада ретінде өтеді.
Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасы екі бағытта өтеді және екі кезеңнен тұрады:
- Дін және теология бағыты (Исламтану, Дінтану және теология мамандықтарына түсуге болады. Бірінші кезеңде онлайн-тест Қазақстан тарихы және қазақ/орыс тілі бойынша сұрақтар, екінші кезеңде Дінтану және Ислам ілімдері негіздері бойынша сұрақтар болады.)
- Тілдер бағыты (Шетел филологиясы (араб, ағылшын) және Аударма ісі (араб, ағылшын) мамандықтарына түсуге болады. Бірінші кезеңде онлайн-тест Дүние жүзі тарихы және ағылшын тілі бойынша сұрақтар, екінші кезеңде Ағылшын тілі (эссе жазу) бойынша сұрақтар болады.)
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І-ші іріктеу кезеңі 2023 жылдың ақпан айының 20-25 күндері аралығында онлайн жүйесі арқылы өтеді, ІІ-ші іріктеу кезеңі 2023 жылдың сәуір айының 17-29 күндері аралығында Алматы қаласында, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өтеді. Олимпиадаға тіркелу мерзімі 2023 жылдың 15 ақпанға дейін болмақ.
Олимпиадаға қатысу үшін https://admission.nmu.edu.kz/ сайтына тіркелу керексіз. Хабарласу телефондары: 8 777 302 09 66, 87003020930.
Республикалық «Нұр-Мүбарак» олимпиадасының жеңімпаздарына Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқу үшін арнайы гранттар тағайындалады. Гранттың иегері 1-ші курсқа қабылданып, университетті бітіргенше тегін білім алады.
II Республиканская олимпиада «Нур-Мубарак»