Бүгін «Рухани келісім күні» қарсаңында елордамыз Астанада өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі» барысында көтерілген мәселелерді жүзеге асыру барысын талқылау мақсатында Батыс өңірлік «Конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделі» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған шараға облыс әкімі Е.Тоғжанов, ҚМДБ төрағасының орынбасары, найб муфти Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минитрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, батыс өңірлерінің дін істері басқармаларының өкілдері (БҚО, СҚО, Атырау, Маңғыстау облыстары) мен діни бірлестіктерінің басшылары және Ақтөбе облысы аумағындағы барлық діни бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері, белсенді ҮЕҰ мүшелерінен құрылған 200-ге жуық адам қатысты.
Жиын барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде көтетерілген маңызды мәселелерді талықылап, конфессияаралық қатынасты нығайту, діни бірлестіктер арасындағы қатынасты күшейту арқылы қоғамның бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясат жүзеге асыру бағытында батыс өңірлерінің дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы тәжиребесі туралы сөз қозғалды.
Жиын соңында облыс басшылығы келген қонақтарға алғыс білдіріп, діни бірлестік өкілдерін келе жатқан «Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, облыс басшысымен облыстағы діни ахуалды жақсарту және конфессияаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен бірге, қала қонақтарына арнайы дайындалған «Ақтөбе облысының діни бірлестіктері мен діни ғимараттары туралы қысқаша тарихи-өлкетану» анықтамалығы, кітапша және Ақтөбе облысының энциклопедиясы табысталды.