Сенбілік мақсаты тазалық қана емес, бірлік, еңбек пен салауат, қоршаған ортаны аялау сынды қоғамды ізгілікке бастайтын құндылықтарды қамтитыны белгілі. Сондықтан, осы сенбіде де Ақтөбе облысының дін істері басқармасы мен «Аңсар» КММ-нің ұжымы көше тазалығы жұмыстарына жұмыла кірісіп, белсенділік танытты.