Ақтөбеде ер адамға әлеуметтік желілерде тыйым салынған аудио және видео материалдарды сақтағаны үшін айыппұл салынды.

Ақтөбеде ер адамға әлеуметтік желілерде тыйым салынған аудио және видео материалдарды сақтағаны үшін айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Ақтөбенің 28 жастағы тұрғынының "Вконтакте" мессенджеріндегі жеке парақшасында ДАИШ террористік ұйымының белгілері бар аудиожазба және вахабизм идеологтарының бейнежазбасы табылды.
Сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұсынылған материалдар Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған болып табылады.
Аталған әкімшілік істің материалдары ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігі "Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату" бойынша сотқа жолданды, онда сот 145850 теңге айыппұл салды.