Атаулы Ақпараттық-Түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша дін саласындағы мамандарға арналған онйлайн-семинар өтті

Атаулы Ақпараттық-Түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша дін саласындағы мамандарға арналған онйлайн-семинар өтті
А.ж. 12 наурыз күні, жергілікті жерлерде атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге тартылған өңірлік ДІБ мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің мамандарына арналған онлайн-семинар өтті.
Семинар барысында мақсатты топтармен атаулы профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, қоғамда мемлекет дамуының 2021 жылға арналған зайырлылық қағидаттарын ілгерілету жөніндегі Жоспарды іске асыру, сондай-ақ өңірлік ДІБ және КММ-мен әдістемелік көмек көрсету бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды. Қызметкерлер азаматтардың проблемалық (осал) санаттары арасында нақты жұмыс жүргізуге қатысты сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер алды.
Сонымен қатар, халықтың ұйымдасқан бөлігі арасында радикалды идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында адрестік ақпараттық-түсіндіру жұмыстарынан бөлек, жалпы профилактикалық іс-шараларды өткізу қажеттілігіне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.