Теологиялық, психологиялық семинар

Теологиялық, психологиялық семинар

«Облыстық дін істері басқармасы» ММ және «Аңсар» АТО КММ ұйымдастыруымен облыс көлемінде дін саласындағы мамандарға арналған теологиялық, психологиялық семинар өтті.

Семинарда облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Р.Құлдыбаев , «Аңсар» АТО басшысы Н.Жаншин, орталық басшысының орынбасары М.Қалманов алғы сөз сөйлеп, мамандарға әдістемелік көмек көрсетті.

Одан бөлек, «Аңсар» орталығының бөлім басшылары Н.Разақов, Н.Такеев, теолог Р.Бақытқызы, психолог Э.Қайырғалиқызы «Мамандардың рухани болмысы», «Жұмыс барысында психологиялық кеңес беру» және «Ақниет» ҚҚ теолог маманы Т.Талдыбаев «Жұмысты тиімді ұйымдастыру әдіс тәсілдері» тақырыптарында дәріс оқыды.