Облыс көлеміндегі дін саласының мамандарына семинар өтті

Облыс көлеміндегі дін саласының мамандарына семинар өтті
Бүгін, 22 ақпан күні Ақтөбе облысы көлемінде дін саласындағы интернет ресурстарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша настихатпен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында әдістемелік семинар өткізілді.
 
Семинар барысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша, белсенді жұмыс жасаған медиа мамандар марапатталды.
 
Шара барысында АҚДМ дін істері комитетінің Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасының басшысы Ж.Долиев онлайн форматта интернет кеңістіктегі жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Ақтөбе өңіріне оң бағасын берді.
 
Сондай-ақ шараға белгілі журналист, блогер Ө.Кенжебек қатысып, әлеуметтік желіде парақшаны жүргізудің тиімді тәсілдерімен бөлісіп, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап берді.