Ақтөбе облысында Министрліктің стратегиялық сессиясы өтті

Ақтөбе облысында Министрліктің стратегиялық сессиясы өтті
А.ж. 19 ақпан күні Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің қатысуымен онлайн форматта "Ақтөбе облысындағы Министрлік күні" өтті. Тараптар күн бағдарламасын мен Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.
ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы аясында Ақтөбе облысында 400-ден астам адамның қатысуымен 11 семинар және панельдік сессия өткізілді, олардың ішінде жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ҮЕҰ, қоғам және БАҚ өкілдері бар.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері Ақтөбе облысының жұртшылығы, жергілікті мемлекеттік органдарының өкілдерімен мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылы, конфессияаралық және этносаралық келісім, жастар және отбасы саясаты, ақпараттық саясат, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды. «Ақтөбе облысындағы Министрлік күні» іс-шаралары барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру жобаларын, журналистерді аккредиттеу ережелерінің жаңа жобасын жүзеге асыру, 2020-2021 жылдарға арналған Медиасала мамандарын оқыту жөніндегі арнайы жоспарды әзірлеу, этносаралық қатынастарды дамыту және қандастарды бейімдеу саласындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау, ведомствоішілік мониторинг және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және басқа да шараларды іске асыру мәселелері көтерілді.
Онлайн-іс-шараларда Министрлік қызметкерлері жұртшылық өкілдерінің бірқатар қызықтыратын сұрақтарына жауап беріп, орталық және өңірлік деңгейлерде жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасты.
Айта кетсек, стратегиялық сессиялар Қазақстанның барлық өңірлерінде ұйымдастырылуда және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын, қоғамдық мониторинг пен мемлекет қабылдайтын шешімдерді бақылауды одан әрі дамытуға бағытталған, сондай-ақ, бұл бастамалар ел Президентінің Жолдауында айтылған және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.