Ақдм стратегиялық сессиясы барысында Ақтөбе облысындағы діни ахуал талқыланды

Ақдм стратегиялық сессиясы барысында Ақтөбе облысындағы діни ахуал талқыланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашылық еткен «Стратегиялық сессия» күндерін жалғастыра отырып, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының басшылығымен және қызметкерлерімен, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығымен және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығымен» онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге комитет қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы филиалының басшылығы, ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, теологтар, дінтанушылар мен психологтар қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – дін саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді талқылау және ұсыныстар әзірлеу.
2020 жылы қабылданған алдын алу шараларының нәтижелері туралы Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев сөз сөйледі.
Б.Бакиров өз кезегінде өңірдің жоғары көрсеткіштерін атап өтті – Ақтөбе облысы жүргізіліп жатқан оңалту жұмысының тиімділігі бойынша үздік топ 3 облыстың қатарына кіреді.
Сонымен қатар, діни ахуалдың дамуын ескере отырып, төраға орынбасары өңірде нақты алдын алу жұмыстарын жүргізуге және дін саласындағы мамандардың кадрлық әлеуетін арттыруға назар аударды.
Сондай-ақ, өңірдегі діни бірлестіктер өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнату қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамыту және сапалы оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.