«Аңсар» ақпараттық талдау орталығында әдістемелік семинар өтті.

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығында әдістемелік семинар өтті.

Бүгінгі таңда деструктивті діни идеологияны насихаттаудың бірден бір құралы интернет кеңістігі болып табылады. Көптеген азаматтар, оның ішінде жастар әлеуметтік желіні қолдану арқылы түрлі діни ағымдардың жетегіне еріп кетіп жатыр.
Осы орайда әлеуметтік желілердегі күмәнді діни мазмұндағы парақшалардың санын азайту және олардың таралуына тосқауыл қою мақсатында Республикалық «Кибербақылау» бағдарламасы арқылы белсенді жұмыс жүруде.
Осыған орай бүгін «Аңсар» АТО-да аталмыш бағдарламамен облыс көлемінде жұмыс атқатаратын мамандарға әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар барысында «Аңсар» орталығының дінтанушы маманы Н. Мұхамбетәлі бағдарламамен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Шараға қала, аудан мамандары қатысып, көптеген сұрақтарға тұшымды жауап алды.