Сирияға аттанғандардың көбі – шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алғандар

Сирияға аттанғандардың көбі – шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алғандар
Бақтыбай БЕЙСЕНБАЕВ, "Астана" медресе-колледжінің директоры:
- Соңғы жылдары әртүрлі діни ағымдардың белсенділігінің артуы, экстремистік, террористік ұйымдардың ашық наразылыққа шығуымен қоғамдық-саяси және діни ахуал күрт күрделенді. Бұған қоса, әртүрлі жалған және деструктивті ұйымдарға мүше атанып үлгерген, шетелде діни білім алған азаматтар Қазақстан аумағында өз жамағаттарын, қа­тар­ларын толықтыруды көз­дей­тіндігі анықталды.
Сол үшін ел азаматтары, оларға жауапты ата-аналар өз балаларының білім алатын елін таңдау барысында сол мемлекеттің қоғамдық-саяси және діни ахуалы туралы ой түйіп, оның тарихын, мәдениетін, діні мен ділін біліп алғаны жөн.
Бұл жағдайдың бәрінде де ата-ананың орны өте жоғары. Баланың қайда барып, кімнен, не оқып үйренетінін, қай мамандықтың иесі атанатынын алдын ала білгені дұрыс.
Алдын ала шетелде оқуға ниетті үміткерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілу керек. Себебі, кешегі Сирияға аттанғандардың көбі – шетелдегі күмәнді оқу орындарының түлектері.