Қазақстан азаматтарын Сириядағы қақтығыс аймағынан қайтаруға арналған «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың басында ұйымдастырылған.
Қазақстан Президентінің тапсырмаларын орындай отырып, барлау офицерлері, әскери қызметкерлер, дипломаттар және операцияға қатысқан басқа құрылымдардың қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсете алды.
Алғашқы «Жусан» операциясы 2019 жылдың қаңтар айында, қазақстандықтардың алғашқы топтамасы соғыс аймақтардан шығарылған кезде жасалды.
Содан кейін мамыр айында Елбасының шешімі бойынша және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың санкциясымен операцияның өзге кезеңдері өтті.