Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорына 4,5 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорына 4,5 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында қыс-көктем мезгілінде тұрғындарды қолжетімді бағада азық-түлікпен қамту мақсатында тұрақтандыру қоры қалыптастырылып жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бағытталған.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісімшарттар жасап, қажетті өнім көлемін қамтамасыз етті.

Қорға жиналған өнімдер тізімі:
 Картоп – 9 024 тонна (100%),
 Сәбіз – 2 078 тонна (100%),
 Пияз – 1 477 тонна (102%),
 Қырыққабат – 2 169 тонна (100%).

Барлық өнім қоймаларға жеткізілер алдында сұрыпталып, сақтауға дайындалып жатыр.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұрақты бағада сатылуы мен дұрыс сақталуы - ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жауапкершілігінде. Ал қордың жалпы қалыптастырылу және мониторинг жүргізу жұмыстары - «Ақтөбе» ӘКК АҚ бақылауында.

Айтып өтейік, тұрақтандыру қоры өңір тұрғындарына маусымаралық кезеңде бағаның негізсіз өсуіне жол бермей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.