Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Бүгін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға дін істері және кәсіпкерлік басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдер қатысты. Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаттары, әдеп нормаларын сақтау мәселелері және құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары талқыланды.

Адалдық, шыншылдық және азаматтарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушыларға Әдеп кодексін бұзғаны үшін жауапкершілік пен кәсіби қызметте жеке үлгі көрсетудің маңыздылығы еске салынды.

Осындай семинарлардың өткізілуі қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттырып, мемлекеттік басқару сапасының жоғарылауына ықпал етеді.