Хромтау ауданында "Құндылықтар керуені" жобасы қорытындыланды

Хромтау ауданында "Құндылықтар керуені" жобасы қорытындыланды
Хромтау ауданында өтіп жатқан «Құндылықтар керуені» жобасының 2-ші күні қорытындыланды.
Жобаның басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, жастардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамда деструктивті идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру.
Жалпы жоба аясында Хромтау ауданында 9 іс-шаралар ұйымдастырылып 200-ге жуық адам қамтылды.
Ақпараттық топ мүшелері білім беру ұйымдарының мамандарымен, Еңбек ұжымдарымен, жастармен, коммуналдық мекеме қызметкерлерімен сондай-ақ ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында рухани-адамгершілік тәрбие, діни экстремизмнің алдын алу, отбасы құндылықтары, ұлттық бірегейлік пен зайырлылық қағидаттары кеңінен түсіндірілді.