Ақтөбе қаласында құрбан шалуға арналған 4 орын белгіленді

Ақтөбе қаласында құрбан шалуға арналған 4 орын белгіленді

Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары!
Құрбан айт мерекесі а.ж 6 маусым күні аталып өтіледі.
Осыған орай, Ақтөбе қаласы аумағында арнайы құрбан шалуға арналған орындар белгіленді.

Құрбан шалынатын орындар:
-Мал базарында орналасқан «Есік» ЖШС-і мен «Молдабеков» ЖК аумағы.
-41-разъездегі «Айбек» АШӨК аумағы.
- Жаңақоныс тұрғын алабындағы 640 учаскеде орналасқан «Қасымов и К» ЖК алаңы.
- Рауан тұрғын алабындағы «Жібек жол» базар аумағы.

Құрбан айт – жақсылық пен жанашырлықтың, рухани бірліктің мерекесі. Ақтөбе қаласы тұрғындарын қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға және арнайы орындарда құрбандық шалуға шақырамыз.