Ол 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары: 2008 жылы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2019 жылы – Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану»мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қ. ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2011 – 2013 жж. Ақтөбе қ. экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспаралау және есеп секторының бас маманы;
2013 – 2015 жж. Ақтөбе қ. ішкі саясат бөлімінің құқықтық-ұйымдастыру сұрағы бойынша жастар саясаты және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі;
2015 – 2019 жж. Ақтөбе о. әкімі аппаратының түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2019 - 2025 жж. ақпан айына дейін Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарды.