Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кіре отырып, ант қабылдайды.
Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу күніне орай Мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген қызметкерлердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.
Мемлекеттік қызметшінің жұмысы үлкен жауапкершілік жүктейді және әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан халқына адал қызмет етуге және мемлекет мүддесін қорғауға міндетті.
2022 жылдың 26 тамызда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бөлімінің бас маманы Қоблан Аққу Ғафурқызы және облыстық цифрлық технологиялар басқармасы бөлімінің бас маманы Жамбылов Абзал Рахметоллаұлы сынақ мерзімінен сәтті өткеннен кейін ант қабылдады.
Осы оқиғаның барлық жауапкершілігі мен маңыздылығын сезіне отырып, олар еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан халқына адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.