Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б.О. Ақшолақовтың Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б.О. Ақшолақовтың Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 20 тамыз сағат 13.00-де
ҚР Энергетика министрі Болат Оралұлы Ақшолақов облыстық «Amanat» партиясы ғимаратында облыс тұрғындарымен кездесу өткізеді
(мекенжайы: Тургенев көшесі 86), сондай-ақ сағат 14.30 министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.
Сондай-ақ азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелер бойынша өтініштерін kence@energo.gov.kz электрондық поштасына жібере алады.
Министрлік қызметінің бағыттары: мұнай мен газ өндірісі, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, жер қойнауын пайдалану, электр энергетикасы, уран өнеркәсібі, атом энергетикасын дамыту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту.