2022 жылғы 08 шілде күні Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келеді

2022 жылғы 08 шілде күні Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келеді

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары!
2022 жылғы 08 шілде күні Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келеді.
Сапар барысында ТЖ Министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдап, халықпен кездесу өткізеді.
Министрдің жеке қабылдауына +7775 451 88 56 (WhatsApp) телефоны бойынша жазылу қажет.
Сондай-ақ азаматтардың толғандыратын мәселелерін ps_dchs_aktub@emer.kz электрондық поштасына немесе +7 775 451 88 56 телефон номері арқылы WhatsApp-қа жолдай аласыз.
Министрлік қызметінің бағыттары:
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.