
Іс-шараға «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі Р.М. Омарова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Р.С. Шөмекеева және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері талқыланды. Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілерге белгіленген шектеулер мен тыйымдарды орындау, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, жұмыс уақыты регламентін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, іскерлік киім үлгісін ұстану, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті, қызметтік қарым-қатынастағы әдеп қағидаттары, сондай-ақ қызметтік қатынастардағы қудалау (харассмент) фактілерінің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Іс-шара барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, іс жүргізу тәртібін сақтау, қызметтік құжаттарды дұрыс рәсімдеу және жою, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына қатысты заңнамалық шектеулер туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың негізгі бағыттары қарастырылды. Семинар-кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызмет саласындағы белгіленген нормалар мен шектеулерді, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді орындау барысында жоғары жауапкершілік пен кәсіби мәдениетті қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.