
Егер сізде мобильді немесе интернет байланысының сапасына қатысты шағым болса, төмендегіні орындау қажет:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне мына жолдар арқылы жүгіну керек:
- «электрондық үкімет» порталы (egov.kz)
- «e-Otinish» порталы
- Өз өңіріңіз бойынша Байланыс саласындағы өңіраралық инспекцияға қағаз түрінде өтініш беру
Шағымда не көрсету қажет?
- Мәселенің толық сипаттамасы (төмен жылдамдық, байланыс үзілуі, әлсіз сигнал)
- Байланыс операторының атауы
- Мекенжай (қамту аймағы)
- Байланыс деректері
- Абоненттік нөмірдің тіркелгенін растайтын құжат
- Скриншоттар немесе жылдамдықты тексеру нәтижелері (мысалы, speedtest.net сайтынан)
Комитет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» арқылы операторға жоспардан тыс тексеру жүргізе алады.