
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту, дін істері, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты мәселелері және цифрлық технологияларды дамыту басқармаларында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Мырзағалиқызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңартылған нормативтік құқықтық актілер түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және азаматтармен қарым-қатынаста әдеп қағидаттарын сақтау қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара аясында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, практикалық түсіндірмелер ұсынылды. Кездесу мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.