7 қазан күні Ақтөбеде Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Ақтөбе облысының бизнес өкілдері, мәслихат депутаттары мен жергілікті атқарушы органдармен кездесу өткізді. Кездесу экономикалық саясаттың негізгі аспектілерін түсіндіруге арналды.
Жиынға салалық министрліктердің өкілдері де қатысты. Негізгі назар жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану мәселелеріне аударылды: жеңілдетілген режимге тиесілі тізім, шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы режимге өтуі, салық мөлшерінің өсу әсері және әртүрлі салық режимдері бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілердің өзара әрекеті. Сонымен бірге тарифтік саясат, жанар-жағармай және коммуналдық қызметтердің баға қалыптастырылуы мәселелері де талқыланды.
Кездесу барысында жан-жақты түсіндірмелер беріліп, реттеу механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды, мемлекет пен бизнес арасындағы конструктивті өзара іс-қимыл бағыттары белгіленді.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.